- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
2025 жылғы 22 қазанда институтымызда ІІО ардагері Ғ. Дәулеталиннің 1 курс курсанттарымен кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, жас буынға ардагерлердің өмірлік және кәсіби тәжірибесін жеткізу, патриоттық рухты нығайту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.Кездесу барысында Ғалым Елкейұлы өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, курсанттарға кәсіби өсу жолындағы маңызды кеңестерін берді. …
2025 жылғы 22 қазан күні институттың тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында “Жас сақшы” полиция сыныбы оқушыларының жауынгерлік рухы мен патриоттық сезімін арттыру мақсатында саптық байқау өткізді.Жиын кадеттердің нысанды киім кию үлгісін қатаң түрде сақтауға, командаларды орындау реттілігі мен саптық жүрісті жетілдіруге негізделді. Сонымен қатар олардың формасының …
2025 жылғы 22 қазанда ӘҚжІІО ӘҚ кафедрасының оқытушы полиция лейтенанты Д.Аманжолов Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы полиция капитаны А. Биркумбаевты тарта отырып, қосымша білім беру факультетінің тыңдаушылары үшін тәжірибелік сабақтар өткізілді.Сабақ шеңберінде қызметтік қызметтің нақты жағдайларында теориялық білімді қолдану көрсетілді, әкімшілік-құқықтық қызметтің нақты тәжірибелік негізделген кейстер мен модельделген …
“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында институт қызметкерлері және Тәлімгерлер кеңесінің мүшесі Т. Абдрахманов “Жас сақшы”кадет сыныбының оқушыларымен тәрбиелік мазмұнда кездесу өткізді. Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық сана-сезімін арттыруға және ішкі істер органдары қызметінің маңызын түсіндіруге бағытталды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дене шынықтыру даярлығы кафедрасының 2025-2026 оқу жылының жоспарына сәйкес және 2025 жылғы 31 шілдедегі Жол картасы пункттерін орындау мақсатында,Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ АМБ-нің рота командирі полиция подполковнигі С.Ә.Бекмухамбетов пен Шымкент облысы ПД ЖҚАЖ АМБ-нің рота командирі полиция подполковнигі Б.Нұрғожаұлы институттың кәсіби даярлық …
2025 жылдың 20 қазан күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс курсанттарына Қазақстан тарихы пәнінен пәнаралық тәжірибе алмасу мақсатында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих және География факультетінің Тарих және дінтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Избасарова Гулбану Болатовна дәріс сабағын оқыды.Гулбану Болатовна бірнеше жылдан бері тарих …
20 қазанда елімізде Аспаздар күні аталып өтеді — күн сайын дәмді ас әзірлеп, жылулық пен қамқорлық сыйлайтын жандардың кәсіби мерекесі.ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының басшылығы мен жеке құрамы институт аспаздарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында институтта әрдайым жайлылық пен жақсы көңіл күй орнайды. Еңбектеріңізге рақмет!
“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында институт қызметкерлері және Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы М. Сапаргалиев “Жас сақшы”кадет сыныбының оқушыларымен танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға полиция қызметінің ерекшеліктері, құқық қорғау саласындағы абырой мен жауапкершілік жайында жан-жақты мәлімет берілді. Жас буынға заңға бағыну, әділдік пен адамгершілік қағидаттарын …
Бүгін М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында фотокөрме өткізілді.Көрменің басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметін халыққа жақын көрсету, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы еңбегін насихаттау. Әрбір сурет – полиция қызметінің қиын да құрметті еңбегін айқындайтын өмірлік көрініс.
1 курстың 102-топ курсанттарына кураторлық сағат аясында командалық рухты нығайту мақсатында пейнтбол клубына және кинотеатрға бару ұйымдастырылды. Іс-шара курсанттардың жоғары белсенділігін, өзара қарым-қатынасын,ұжымдық байланыс мәдениетін арттыра түсті.
|
|