Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

22.07.2024

Бүгін институт басшылығы Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен бірлесіп үміткерлермен, олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Талапкерлерге конкурстық іріктеу кезеңінде алаяқтық және жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналар көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

21.07.2024

Көздерінде от ойнар,Сөздерінде жалын барМен жастарға сенемін! Ақын Мағжан Жұмабаевтың жалынды өлең жолдары біздің талапкерлерге арналғандай.Мақсаты анық, арманы асқақ үміткерлерімізге ақ жол тілейміз!

Бала тәрбиесінде — отбасы ең үлкен тәрбие ошағы.

21.07.2024

Жас ұрпақтың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта қандай адам болуы өзі туған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты. Баланың заманына лайық азамат болып өсуі – алдымен ата-ананың абзал тәрбиесінің жемісі.