Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

Таңғы таралым

16.06.2025

Бүгін институт басшылығы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында таңғы таралым өткізді. Институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ж. Абдрахманов спорттық самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздарын, институтта өткен әскери-тактикалық ойындардың жүлдегерлерін және ғылыми-теориялық конференцияға белсенді қатысқан курсанттарды марапаттады.

Тактикалық ойындар

14.06.2025

ІІО – біз сіздерге доспыз/ МВД – Мы ваша друзья

13.06.2025

“Заң және тәртіп” идеологиясын ілгеріту мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірге Ақтөбе қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы #41 мектеп-гимназиясында “ІІО – біз сіздерге доспыз/ МВД – Мы ваша друзья” авторлық ойынының тұсаукесерін ұйымдастырды. Мектеп жанындағы лагерьге қатысатын әрбір балаға таныстырылған ойын табысталды.