- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
Институт бастығы 1 курс курсанттарымен танысу кездесуін өткізді. Ғалымжан Молдабекұлы Есболаев өз сөзінде курсанттарға «Құқық қорғау саласы өте маңызды сала, біз ІІМ-нің алға қойған тапсырмаларын «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып орындап, мемлекеттік саясатты жүргіземіз. Сіздерге осы білім ордасы мақтанышпен атын алып жүрген Ақтөбе өңірінің біртуар тұлғасы Кеңес Одағының …
Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал- майоры Әділов Санжар Әскенұлы ресми іссапармен келіп, жеке құрамға оқу орнының жаңадан тағайындалған басшысы полиция полковнигі Есболаев Ғалымжан Молдабекұлын таныстырды.Профессорлық-оқытушылық құрамға болашақ полицейлерді даярлауда жаңа қадамдар мен заманауи бастамалар қажет екендігін атап өтіп, жауапты қызметте …
Институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиевті зейнеткерлік демалысқа салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Нұркен Жанболатұлы шебер көшбасшылық қасиетімен, заманауи саясатымен, жаңашылдық жолымен оқу ордасының ілгері дамуына зор ықпал етіп, жаңа істердің жаршысы болды. Ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, өнегелі үлгісімен, жоғары адамгершілігімен институт ұжымына жол …
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл» – деген болатын. Сондықтан мемлекет тарапынан мемлекеттік тілді үйренуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Институтта қызметкерлерге қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру жұмыстары алға қойылған. Бұл жұмыс Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының қызметімен жыл сайын үзбей атқарылуда. Ағымдағы жылдың …
2024 жылғы желтоқсан айында Қостанай академиясында алғаш рет философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің отырысы өтті. Бұл маңызды іс-шараға Қазақстан мен шет елдерден құқық қорғау қызметі саласындағы жетекші мамандар қатысты. Диссертациялық кеңестің салтанатты ашылу рәсімі ерекше мәнге ие болды. Академияның оқу залына Қазақстан Республикасының Білім …
Бүгінгі таңда жас оқытушылар үшін оқу процесінің басты міндеті- замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай педагогикалық шеберлікті арттыру, заманауи сабақтарға қойылатын талаптарды игере отырып, ақыл-ой, танымдық қабілеттерін дамыту. Институтта жұмыс істейтін жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, тәрбиелеу мақсатында «Педагогикалық шеберлік мектебі» өз қызметін жүзеге асырып келеді. Шеберлік мектебінің жоспарына …
Институтымызда академиялық күнтізбеге сәйкес ағымдағы жылғы 18 желтоқсанда Кәсіби даярлық факультетінің «6В12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 1-курс курсанттарына «Қазақстан тарихы» пәнінен Мемлекеттік емтихан басталды. Қазақстан тарихын білу әр азаматтың борышы. Оқу барысында алған теориялық білімдерін емтихан нәтижесімен дәлелдей алатындығына сенімдіміз. Курсанттарға сәттілік!
2024 жылғы 17 желтоқсанда институттың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ғылыми-педагогикалық магистратурасының магистранттары үшін қысқы емтихан сессиясы басталды. 18 желтоқсанда «Жалпы құқық теориясының қазіргі мәселелері» пәні бойынша емтихан өткізілді. Емтиханды жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі А.К.Ибраева және жалпы білім беретін пәндер …
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында қолданылуын талқылау, мекемелерде ұйымдастырылған мемлекеттік тіл курстарының нәтижелерін қорытындылау мақсатында «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» дөңгелек үстелі өтті.Шара барысында жыл бойы жүзеге асқан тілдік іс-шаралар мен мемлекеттік тіл курстарының нақты нәтижелері қорытындыланып, орталық оқытушылары …
12-13 желтоқсанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің базасында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК және Ақтөбе өңіраралық сот сараптамалары орталығының филиалымен бірлесіп «Сот – медициналық сараптама жүйесіндегі білім, ғылым және практика» І Халықаралық конгресін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының атынан қылмыстық процесс …
|
|