- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
2025 жылдың 27 қаңтар- 1 ақпан аралығында институттың қосымша білім беру факультетінде Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің жедел кезекшілері, аға кезекші-инспекторлары мен кезекші-инспекторлары үшін «Кезекші бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс барысында қатысушыларға кезекші бөлімшелердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, басқару жүйесі мен ақпарат алмасу жүйелері, сондай-ақ …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының таңғы таралымында институт қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар берілді. Атап айтсақ, “полиция подполковнигі” арнаулы атағы полиция майоры А.Сейтимоваға және полиция майоры А.Назарбаеваға, ал “қатардағы полиция ” арнаулы атақтары А.Байгруновқа және А.Бабаевқа табысталды. Сонымен қатар өткен аптада озат нәтижелерімен ерекшеленген тыңдаушылар марапатталды.
Дубайда өтіп жатқан SWAT Challenge халықаралық жарысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының сарбаздары өнер көрсетуде.Бұл сайыс әлемнің түрлі елдерінен келген арнайы жасақ сарбаздарының шеберлігін сынайтын беделді дода саналады.Жауынгерлік рух беретін, кәсіби шеберлікті шыңдайтын жарыс кезеңдерін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары тікелей эфирден тамашалап, қолдау …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2024 жылға арналған ғылыми-зерттеу қызметі жоспарына сәйкес жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Айгуль Қасымбекова Ибраеваның дайындаған үш оқу құралы жарыққа шықты. Құқық теориясы (оқу құралы), Адам құқықтарын қамтамасыз ету механизміндегі ІІО рөлі (оқу құралы), Мемлекет және құқық …
«Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету бойынша медиа-жоспардың 6-тармағына сәйкес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында «Нашақорлық – адасудың жолы» тақырыбында М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институты ІІМ әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.Думовтың және Ақтөбе ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция майоры …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы, факультет және кадр саясаты бөлімінің өкілдері, жеке құрам бойынша инспекция курсанттарға қысқы демалысқа шығар алдында нұсқаулық жүргізді. Оларға заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы мен көпшілік орындарда өздерін талаптарға сай ұстау ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар Әдеп кодексінің және құқық бұзушылықтар саласындағы Заңдардың …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары мен қызметкерлері 01 ақпаннан бастау алған “Спортта қызметтегідей: 10.000 қадам” акциясы шеңберінде топтық жүгіруді іске асырды. Сонымен қатар, акция соңында курс басшысы және топ кураторларының ұйымдастыруымен курсанттар арасында тимбилдинг өткізілді.Тимбилдинг курсанттарға керемет көңіл-күй сыйлады. Курсанттар топтық қызықты ойындарға қатысты. Өткізілген корпоративтік …
Ішкі істер органдарының арнайы күштерінің бөлімшелері үшін мамандар даярлау ерекше тәсілдерді қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында аталмыш бағытта Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары тәжірибе алмасуда. Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры Дамеш Шаханова өткізген арнайы …
Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына идеологиялық және мәдени бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында кафедра күнін өткізді.Тыңдаушыларға Ақтөбе облысының тарихы, көрікті және киелі жерлері туралы презентация жасалды. Сонымен қатар Ақтөбе өңірінде дүниеге келген батырлар, ақындар, музыканттар және басқада көрнекті тұлғалар аталды. …
Біліктілікті арттыру курстары аясында ішкі істер органдарының білікті кадрларын даярлау мақсатында ҚР ІІМ Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Е.Т.Алдияровтың «ІІО қызметіндегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында өткізген тәжірибелік сабағына Ақтөбе облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі …
|
|