- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2024 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмысы жоспарының негізінде полиция подполковнигі А.А. Салимовтің дайындаған «ІІО қызметкерлерін дау-жанжал жағдайында іс-әрекетіне дайындау» оқу құралының 3 данасы институтымыздың кітапхана қорына тапсырылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығының тапсырмасына сәйкес 2025 жылғы 20 қаңтар мен 02 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін дайындау тәжірибесін үйрену мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Д.Ж. Кузеков біліктілікті арттыру курсынан …
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіби даярлық факультеті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған курсанттармен және тыңдаушылармен «Әділетті қоғам – жарқын өмірдің кілті» тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырды. Жолдаудың негізгі аспектілерінің бірі – …
23 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы алғашқы кәсіби даярлық курстарына оқуға келген тыңдаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау қызметінің басым бағыттарына, сондай-ақ, білім беру процесін ұйымдастыру және сабақтарды өту алгоритмі, тәртіп пен заңдылыққа қатысты мәселелер қарастырылды.
2025 жылғы 22 қаңтарда кадет сыныптарында сабақтар өткізу жоспары аясында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі А.А. Длимов және институттың 1-курс магистранты, полиция капитаны А.Г. Жұмағұлов Ақтөбе қаласындағы №41 мектеп-гимназиясының 8-10 сынып оқушыларына арналған көшпелі сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Оқиға болған жерді қарап-тексеру тактикасы». Сабақ барысында аталған …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Сахарбай оқу топтарының жетекшілерімен кездесу өткізіп, тәрбие жұмысы жоспарымен таныстырды. Кездесу барысында тәрбие және идеологиялық жұмыстың маңызды бағыттары, жоспардың іске асырылуы және оқу топтарында тәрбиелік іс-шаралардың ұйымдастырылуы талқыланды. Тәрбие жұмысының сапасын арттыру мақсатында әрбір топ жетекшісіне нақты тапсырмалар …
Бүгін, 2024 жылғы 20 қаңтарда институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді (екі ай) оқуға алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қабылданды.Институттың оқытушылық-профессорлық құрамының білікті мамандары қысқа мерзімді оқу бағдарламасы бойынша білімді сіңіріп, кәсіби дағдыларды қалыптастырады.Білім алушыларға оқуда сәттілік тілейміз!
Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының басшылығы институттың тұрақты және ауыспалы құрамына саптық жиын өткізді. Институт бастығы полиция полковнигі Ғ.М.Есболаев заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы нақты нұсқаулар берді. Қызметкерлер мен курсанттарға жаңа аптада сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Сахарбай жексенбі күні курсанттармен кездесіп, “Заң мен тәртіп” қағидаты аясындағы Ішкі істер министрлігінің талаптарымен таныстырды. Соның ішінде, жаңа заң нормаларына сәйкес есірткі зат айналымына қатысы бар кінәлі полиция қызметкерлеріне өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылатындығы жеткізіліп, …
Тазалық – денсаулық кепілі. Бүгін жексенбілік демалыс күні институттың курсанттарына толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген монша пайдалануға берілді. Жаңа моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы, су жаңа заманға сай жабдықтармен және жарық әрі сәнді материалдармен қамтамасыз етілді. Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.Институт білім алушыларға сервистік жағынан жайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
|
|