- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
Біздің оқу орнымызда тыңдаушылардың жаңа ортаға бейімделуін қолдау мақсатында арнайы тренинг өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – тыңдаушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, топтық үйлесімділікті дамыту және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдірді. Бұл тренинг олардың жаңа ортаға тезірек сіңісуіне және оқу процесіне оң әсерін тигізетініне сенімдіміз.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кафедра апталығы аясында алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларын қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға ынталандыру мақсатында “Шындыққа жету жолында идеялар диалогы” атты дебат ұйымдастырды.Іс-шара білім мен тәрбие беру тұрғысында тындаушыларды әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарауды үйретуге бағытталды.
2025 жылдың 27 қаңтар- 1 ақпан аралығында институттың қосымша білім беру факультетінде Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің жедел кезекшілері, аға кезекші-инспекторлары мен кезекші-инспекторлары үшін «Кезекші бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс барысында қатысушыларға кезекші бөлімшелердің жұмысын тиімді ұйымдастыру, басқару жүйесі мен ақпарат алмасу жүйелері, сондай-ақ …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының таңғы таралымында институт қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар берілді. Атап айтсақ, “полиция подполковнигі” арнаулы атағы полиция майоры А.Сейтимоваға және полиция майоры А.Назарбаеваға, ал “қатардағы полиция ” арнаулы атақтары А.Байгруновқа және А.Бабаевқа табысталды. Сонымен қатар өткен аптада озат нәтижелерімен ерекшеленген тыңдаушылар марапатталды.
Дубайда өтіп жатқан SWAT Challenge халықаралық жарысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының сарбаздары өнер көрсетуде.Бұл сайыс әлемнің түрлі елдерінен келген арнайы жасақ сарбаздарының шеберлігін сынайтын беделді дода саналады.Жауынгерлік рух беретін, кәсіби шеберлікті шыңдайтын жарыс кезеңдерін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары тікелей эфирден тамашалап, қолдау …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2024 жылға арналған ғылыми-зерттеу қызметі жоспарына сәйкес жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі Айгуль Қасымбекова Ибраеваның дайындаған үш оқу құралы жарыққа шықты. Құқық теориясы (оқу құралы), Адам құқықтарын қамтамасыз ету механизміндегі ІІО рөлі (оқу құралы), Мемлекет және құқық …
«Заң мен тәртіп» қағидатын ақпараттық ілгерілету бойынша медиа-жоспардың 6-тармағына сәйкес Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында «Нашақорлық – адасудың жолы» тақырыбында М.Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институты ІІМ әкімшілік құқық және әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Н.Думовтың және Ақтөбе ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция майоры …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы, факультет және кадр саясаты бөлімінің өкілдері, жеке құрам бойынша инспекция курсанттарға қысқы демалысқа шығар алдында нұсқаулық жүргізді. Оларға заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы мен көпшілік орындарда өздерін талаптарға сай ұстау ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар Әдеп кодексінің және құқық бұзушылықтар саласындағы Заңдардың …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары мен қызметкерлері 01 ақпаннан бастау алған “Спортта қызметтегідей: 10.000 қадам” акциясы шеңберінде топтық жүгіруді іске асырды. Сонымен қатар, акция соңында курс басшысы және топ кураторларының ұйымдастыруымен курсанттар арасында тимбилдинг өткізілді.Тимбилдинг курсанттарға керемет көңіл-күй сыйлады. Курсанттар топтық қызықты ойындарға қатысты. Өткізілген корпоративтік …
Ішкі істер органдарының арнайы күштерінің бөлімшелері үшін мамандар даярлау ерекше тәсілдерді қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында аталмыш бағытта Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары тәжірибе алмасуда. Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры Дамеш Шаханова өткізген арнайы …
|
|