Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

«волейбол» секциясы жүргізілуде

11.11.2025

Қылмыстың алдын алу, болдырмау, кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын-алу, өскелең ұрпақтың бойында азаматтықты, патриотизмді, болашақта ішкі істер органдарының қызметіне кәсіби қызығушылықты және полиция қызметіне саналы көзқарасты дамыту бағытында және қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Жас сақшы» кадет сыныбы оқушыларына «волейбол» секциясы жүргізілуде.

Тәлімгерлер жоспары

03.11.2025

Тәлімгерлер жоспарына сәйкес қызметкерлерге кәсіби тұрғыда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету, тәлімгерлік қызметтің тиімділігін арттыру, тәлімгерлер мен қызметкерлер арасында тәжірибе алмасу және тәрбиелік бағыттағы жұмыстың сапасын жетілдіру мақсатында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы қызметкерлері мен институттың тәлімгерлер кеңесінің төрағасы М. Сапарғалиевтің қатысуымен кездесу өткізілді.

Ресей Федерациясы ІІМ В.В.Лукъянов атындағы Орел құқық институты

27.10.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының КОҚҰ кафедрасының оқытушысы,полиция майоры Сисенов Н.М Ресей Федерациясы ІІМ В.В.Лукъянов атындағы Орел құқық институты базасында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекеттік автомобиль инспекциясы (ГАИ) басқармалары қызметкерлерінің, соның ішінде өнірлік деңгейдегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша курска қатысып келді.