- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
*Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы* А.А.Ыбраеваның «Интернет технологиялары» тақырыбындағы ашық тәжірибелік сағатында EMAZE сервисі арқылы 3D пішіндегі дайындалған таныстырылымы қатысушылардың назарын аударды. 102-оқу тобы POP3, IMAP және SMTP электронды поштаның үш негізгі хаттамаларының қызметімен ,хабарлама пішімімен танысты . Курсанттар *қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы* порталынан Батыс өңірі бойынша тіркелген қылмыс …
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкері полиция подполковнигі А.А. Салимов Өскемен қаласының №13 және №16 орта мектептерінің оқушыларына институтқа жоғары білім алуға оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, үміткерлерге қойылатын талаптармен таныстырды.
2025 жылдың 31 наурызы мен 05 сәуір аралығында еліміздің барлық облыстарынан келген Желілік полиция бөлімшелері бастықтарының орынбасарлары үшін «ІІО-да басшылардың жұмысын ұйымдастыру, әдістемесі мен жоспарлау нысаны» тақырыбында және ювеналдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлеріне «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.Курс барысында қызметкерлер заңнамалық жаңашылдықтар, қызмет барысындағы маңызды …
Біліктілікті арттыру курсының білім алушыларына арналған “Жасөспірімдермен қарым-қатынас орнату” тақырыбында тренинг өткізілді. Бұл тренинг жасөспірімдермен тиімді байланыс орнату жолдарын қарастырып, олардың психологиялық ерекшеліктерін түсіну мен құрметтеу маңызды екендігін көрсетті. Барлық қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы әдістер мен кеңестер алды. Әріптестерге жасөспірімдермен жұмыс істеуде табыс тілейміз!
Институтымыздың қалыптасуына өзіндік үлес қосқан Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері қатысуымен жиын өтті.Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі С. Айжанов тәлімгерлер кеңесінің ІІО жас қызметкерлерін тәрбиелеуде маңызы қашанда жоғары екендігіне тоқталып, институттың жас қызметкерлерінің кәсіби дамуын жетілдіруге қатысты тәлімгерлердің ұсыныстарын тыңдады.
Көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан Ғазиз Байтасовтың азаматтық тұлғасы бүгінгі ұрпаққа ұлағат.Осыған орай тәрбие жұмысы бөлімімен тыңдаушылардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында азаматтардың қауіпсіздігі жолында өз өмірін қиған полиция қызметкерінің өмір жолына қатысты мәліметтер беріліп, ерлігін насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді. Бұл болашақ жас полицейлердің кеудесінде …
Бүгін институттың тұрақты және ауыспалы құрамымен жазғы киім нысанына өтуіне байланысты, сондай-ақ қызметкерлердің жауынгерлік рухы мен патриоттық сезімін арттыру мақсатында саптық жиын өткізілді.Жазғы киім нысанына көшу саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң түрде сақтауға, саптық жүрісті жетілдіруге негізделеді.
Бүгін институт басшылығы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында таңғы таралым өткізді. Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі С. Айжанов жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатында жүлделі орын иеленген 1 курстың 104-топ курсанты Байтемір Перизатты жеңісімен құттықтап, медаль мен грамота табыстады.
Бүгін, 2025 жылғы 30 наурызда институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді (екі ай) оқуға алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қабылданды.Институттың оқытушылық-профессорлық құрамының білікті мамандары қысқа мерзімді оқу бағдарламасы бойынша білімді сіңіріп, кәсіби дағдыларды қалыптастырады.Білім алушыларға оқуда сәттілік тілейміз!
Демалыс күндері білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 1 курс курсанттары Т.Ахтанов атындағы драма театрында «Бекзат өнер» қойылымын тамашалады. Бұл іс-шара курсанттарды өнерге баулудың бір түрі болып табылады. Театрлық қойылымдар жас таланттардың шығармашылық қабілеттерін ашып, мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі.
|
|