- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
Бүгін институтта жеке құрамды қызметке ынталандыру және жауынгерлік рухты нығайту мақсатында дәстүрлі таңғы таралым ұйымдастырылды. Институт бастығының орынбасары, полиция полковнигі С. Айжанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өткізілген іс-шараларды қорытындылап, ауыспалы құрам арасында өткен “Мас-рестлинг” спорттық сайыста үздік нәтиже көрсеткен …
Қамқорлық — қайырымдылықтың негізі 102-топ курсанттары қарттар үйіне барып, ауланы тазалап, тал отырғызу жұмыстарын атқарды. Бұл — болашақ ұрпақтың үлкенге деген құрметі мен қамқорлығын білдіретін игі іс. Қарттар — біздің тарихымыз, шежіреміз. Оларға көңіл бөліп, жан жылуын сыйлау — әрбір азаматтың парызы. Осындай шаралар арқылы жастар бойына адамгершілік, мейірімділік сынды …
Демалыс күні бос уақытты тиімді өткізу мақсатында 1 курстың 102-топ курсанттарына тимбилдинг ұйымдастырылды.Курсанттар табиғат аясында бірге серуендеп, түрлі жарыстар өткізіп, волейбол ойнап, ұжымдық ынтымақтастықты нығайтты. Тимбилдинг жастарға ерекше ұмытылмас эмоциялар мен позитивті көңіл-күй сыйлады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай, институттың дене шынықтыру даярлығы кафедрасының құрамының ұйымдастыруымен, институттың қыз балалары арасында “Мас-рестлинг” жарысы өткізілді. Жарысқа қатысушылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, жеребе тартылып, реттік сандары анықталды және жарыстың ережесі түсіндірілді. Аталған жарыс тартысты өтіп, үздіктер анықталып жеңіске жеткендер …
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай институт офицерлерінің балалары арасында сурет салу байқауы өтті.Шығармашылық сайыс барысында балалар өз туындылары арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктері мен бейбіт өмірдің маңызын бейнеледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында халқымыздың ұлы кемеңгер, ойшыл ақыны, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған « Ұлы Абай тағылымы» атты танымдық іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алғызу, сөз қазынасын, асыл мұратын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Қазақ халқының ұлы кемеңгер, ойшыл ақыны Абай Құнанбаев –ұлт санасының шамшырағы. Оның шығармалары жастарды өз халқына адал қызмет етуге, елін сүюге, білімге мәдениет арқылы ұлттың дамуына үлес қосуға, замана көшіне ілесіп жаңалық жаршысы бола білуге тәрбиелейді.
Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы алғашқы курс даярлық тыңдаушыларымен «Процестік даярлық» пәні бойынша көшпелі тәжірибелік сабақтар жүргізді. Тәжірибе сабақ өткізу барысында Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық қызметінің негізгі танысу бағыттары жүргізілді. Жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері келесі бағдарламалардың жұмыс қағидаларын көрсетіп тәжірибе сабақтарын толық түсіндірді. Сонымен қатар «Папилон», «Образ++», «Оқ-гильзотека» және …
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына орай институт офицерлері арасында атыс жарысы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — Ұлы Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, әскери-патриоттық рухты нығайту және офицерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.Жарысқа әртүрлі бөлімшелерден офицерлер қатысып, мергендік пен дәлдікте өзара бақ сынасты. Қатысушыларға қысқа және орта қашықтықта …
Кәсіби даярлық факультетінің курсанттарына арналған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мәні мен нысандары» тақырыбында тәжірибелік сабаққа Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының филиал басшысы А.С. Мустафина арнайы шақырылды.Сабақ барысында курсанттар еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, қолданылатын әдістер мен нысандары туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен …
|
|