Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

 “Мәңгілік алау” мемориалы

09.05.2025

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбедегі Даңқ обелискі “Мәңгілік алау” мемориалында дәстүр бойынша мемлекеттік органдар мен еңбек ұжымдарының гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы мен курсанттары қатысып, жауынгерлер рухына тағзым етті.

Ерлікке тағзым

09.05.2025

Бүгін оқу ордамызда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.Институт басшылығы және жеке құрамы сапқа тұрғызылып, бір минут үнсіздікпен батырға құрмет көрсетіп, рухына тағзым етті.