- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
Полиция күніне орай, 20 маусым күні Ақтөбе Полиция департаментінің ұйымдастыруымен полиция қызметкерлері арасында “Полиция эстафетасы” атты жарыс өткізілді. Аталған спорттық іс-шараға М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1-курс курсанттары белсене қатысып, жоғары деңгейдегі дайындық пен ұйымшылдықтың арқасында жүлделі 1-орынға ие болды. Бұл жеңіс – болашақ құқық қорғаушылардың кәсіби шеберлігі мен патриоттық …
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дамуы мен өркендеуіне аянбай еңбек етіп, жүздеген түлектердің сапалы білім алуына атсалысқан әріптесіміз Салимов Алмат Абатұлын құрметті зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Алмат Абатұлына өмірінің жаңа беттерін ашып, жаңа тыныс ала отырып жаңа кезеңге аяқ басуында тек сәттілік тілейміз.
Қазақстан полициясы күніне орай институт кітапханасының қызметкерлері жасақтаған «Қорғаны мықты ел тыныш» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.Шара жас ұрпақты адамгершілікке, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және адал қорғауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Курсанттар көрмеге қойылған Ақтөбе заң институтына атағы берілген М.Бөкенбаевтың өмірі мен ерлігі жайында «Алыстағы соғыстың жаңғырығы» және «Киелі …
2025 жылдың 19 маусымында «Заң мен тәртіп: Қазақстан Республикасының жолдарындағы апаттылықты төмендетудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жол қауіпсіздігі басқармасы бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы және судьясы, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас …
Заң мен тәртіп қағидаты аясында 1 курс 104-оқу тобының курсанттары арасында «Қатаң заң – қоғамдық тәртіптің кепілі» атты дебат өткізілді. Дебатты жалпы заң пәндері кафедрасының ғылыми үйірме жетекшісі, полиция подполковнигі С.А.Мендыбаева ұйымдастырды.Дебат барысында курсанттар аргумент, тезис, дәлелдерді қолданып, өз ойларын еркін жеткізіп, қатаң заңның қоғамдағы тәртіпті сақтаудағы маңызын жан-жақты талқылап, …
Бүгін Институт курсанттарымен Ақтөбе заң институтына басшылық еткен, ІІО ардақты ардагері, құқық қорғау және білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет еткен зиялы зейнеткер полиция полковнигі Хайрулла Каримович Сулейменовпен кездесу өтті.Іс-шара “Заң мен Тәртіп” аясында өтті.Қадірлі қонақ басынан өткен ыстық та суық қызметінің қыр- сырымен бөлісіп, жылдар бойы жинаған …
Тіл – ұлттың жаны. Тілге деген құрмет – өз мәдениетімізге, мемлекетімізге деген құрметтің көрінісі. «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгеріту аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбындағы курсанттар арасында топаралық сайыс өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді, орыс және …
ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова «Тіл – ұлттың жан дүниесі» атты 104-оқу тобында дөңгелек үстел өткізді.Бұл дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – курсанттардың ана тіліне деген құрмет сезімін оятып, тіл мәртебесін арттыру, сауатты әрі таза сөйлеуге дағдыландыру. Сонымен қатар, өз ұлтына, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рухты нығайту.Іс-шарада …
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгеріту аясында Институттың Оқу әдістемелік орталығының қызметкерлері, полиция подполковнигі А.Галиулина мен полиция майоры Г.Ибыжанова Ақтөбе қаласының “Білім” мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында кездесу өткізді.Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында қоғамдық тәртіп, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Бұл шара құқықтық сананы арттыруға және білім …
Кенес Одағының Батыры Әлия Молдагұлованың 100 жылдығына арналған дзюдо күресінен ересектер (әйелдер мен ерлер) арасындағы «ALIA OPEN»республикалық турнирге Қазакстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаеватындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасы қатысып, 78 кг салмақ дәрежесінде дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Сейтимова 2-орын, 1 курс курсанты П.Байтемір 3-орын иеленді.Мерген қыз, жерлес …
|
|