Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

27.01.2025

Бүгін оқу ордамыздың курсанттары Ақтөбе облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында италиялық драматург Карло Гоццидің «Турандот ханшайым» пьесасының желісімен сахналанған «Турандот» трагикомедиясын тамашалады.Білім алушыларымыз әлемдік театр сахнасында түрлі жанрларда қойылған, жақсы табысқа жеткен классикалық премьерадан жақсы әсер, рухани азық алды.

27.01.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2024 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмысы жоспарының негізінде полиция подполковнигі А.А. Салимовтің дайындаған «ІІО қызметкерлерін дау-жанжал жағдайында іс-әрекетіне дайындау» оқу құралының 3 данасы институтымыздың кітапхана қорына тапсырылды.

23.01.2025

23 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы алғашқы кәсіби даярлық курстарына оқуға келген тыңдаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында құқық қорғау қызметінің басым бағыттарына, сондай-ақ, білім беру процесін ұйымдастыру және сабақтарды өту алгоритмі, тәртіп пен заңдылыққа қатысты мәселелер қарастырылды.

20.01.2025

Бүгін, 2024 жылғы 20 қаңтарда институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді (екі ай) оқуға алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары қабылданды.Институттың оқытушылық-профессорлық құрамының білікті мамандары қысқа мерзімді оқу бағдарламасы бойынша білімді сіңіріп, кәсіби дағдыларды қалыптастырады.Білім алушыларға оқуда сәттілік тілейміз!

20.01.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының басшылығы институттың тұрақты және ауыспалы құрамына саптық жиын өткізді. Институт бастығы полиция полковнигі Ғ.М.Есболаев заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы нақты нұсқаулар берді. Қызметкерлер мен курсанттарға жаңа аптада сәттілік тіледі.