Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

Қазақстан полициясы күніне орай тағзым.

23.06.2025

Бүгін оқу ордамызда – Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.Институт басшылығы мен жеке құрам сапқа тұрғызылып, бір минут үнсіздікпен батырға құрмет көрсетті. Бұл – ерлік пен елге адалдықтың жарқын үлгісі.Ұрпаққа үлгі, рухына тағзым!

Зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі

20.06.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының дамуы мен өркендеуіне аянбай еңбек етіп, жүздеген түлектердің сапалы білім алуына атсалысқан әріптесіміз Салимов Алмат Абатұлын құрметті зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Алмат Абатұлына өмірінің жаңа беттерін ашып, жаңа тыныс ала отырып жаңа кезеңге аяқ басуында тек сәттілік тілейміз.