- Institute
- Educational-methodical activity
- Scientific activity
- Personnel and
educational work - Educational portal
- Обучающиеся
Біздің талапкерлер дене даярлығының алдында әскери-дәрігерлік комиссиясының соңғы кезеңінен өтіп денсаулықтарын тексертуде. Отоларинголог, тіс дәрігері, дерматолог, хирург, терпаевт сияқты жалпы тәжірибелік медециналық қызметкерлер мен бейінді дәрігерлердің бақылауынан өтеді. Қажет болған жағдайларда дәрігерлер диагностика мен зерттеу жүргізу үшін кешенді аппараттарды қолдануда. Ертең талапкерлеріміз 100 метрге жүгіру, 1000 м жүгіру, ұлдар белтемірге …
2025 жылдың 21 шілдесінде оқу ордамызда институт бастығы полиция полковнигі Есболаев Ғалымжан Молдабекұлының төрағалығымен қабылдау науқанына байланысты маңызды жиын өткізілді.Кездесу барысында комиссия құрамын нақтылау, қабылдау науқанын ұйымдастыру, медициналық тексеру және дене даярлығынан сынақтар тапсыру мәселелері қарастырылды.Сондай-ақ талапкерлерге қолайлы жағдай жасау, іріктеу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстар …
ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсуге таңдау жасаған 15 өңірден келген үміткерлерді үш айналымнан тұратын таңдау кезеңі күтіп тұр. Талапкерлер ҰБТ баллдары мен сынақтар нәтижелері негізінде, медицина мамандарының тексерісінен және дене даярлығынан нормативтер арқылы іріктеуден өтеді. Үміткерлердің білім деңгейі ғана емес, физикалық тұрғыда даярлығы сыналады. Ішкі істер …
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында 1 курс курсанттарына арналған қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Сандуғаш Жакияновна Измагамбетова жүргізді. Сандуғаш Жакияновна сот тәжірибесінен мысалдар келтіріп, азаматтық және қылмыстық істерді қарау тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді. Курсанттар дәрістен үлкен әсер алып, сот жүйесінің нақты жұмыс істеу …
2025 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Арнайы тактикалық даярлық кафедрасының ұйымдастыруымен курсанттар арасында топтық патриоттық ән айту және саптық байқау өткізілді. «Заң мен тәртіп» ұранымен жоғары деңгейде өткен байқау барысында 104-оқу тобы ерекше дайындық пен ұйымшылдық танытып, бас жүлдеге ие болды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының магистранттары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамаларын тәмәмдап, сертификаттарын алды.Іс-шараның маңызы ерекше. Өйткені, қос білім ордасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты нәтижесі. Екі мекеме арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асып жатқан бұл жұмыс – болашақ құқық қорғау саласының мамандарын даярлаудағы ортақ …
1-курс курсанттары арасында Дене шынықтыру және Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен Заң мен тәртіп тақырыбында эстафета өткізілді.Мақсаты — курсанттардың шапшаңдығы мен логикалық ойлауын дамытып, заң мен тәртіпке деген қызығушылығын арттыру.Эстафета барысында, 4 команда өз ұрандарымен қатысып, түрлі кезеңдерден өтті:Логикалық сұрақтарЗаңға байланысты тест тапсырмалары«Кім жылдам?» – доп арқылы сұрақтарШар ішінде ситуациялық …
Ақтөбе заң институтында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға институт басшылығы, ІІО ардагерлері, курсанттар қатысты. Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі С. Айжанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняков жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Жиын кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерге арнаулы атақтар мен …
Заң мен Тәртіп идеологиясын ілгеріту аясында институтымыздың Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен “Ұлы даладағы заң мен тәртіп” атты зияткерлік Quiz ойыны өтті.Аталған шараның басты мақсаты – курсанттардың құқықтық сана-сезімін арттырып, заң мен тәртіп қағидаттарын зияткерлік бәсекелер арқылы санасына сіңіру, ойлау мәдениетін дамыту болды.Ойын барысында курсанттар білім мен зердені, тапқырлық …
|
|