Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

28.04.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылуына өлшеусіз үлес қосқан елеулі тұлға, ғалым, академик, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Түзелбаев Институтымызға қонақ ретінде келді. Е.Түзелбаев институттың күнделікті өмірімен танысып, курсанттарға Көшбасшылық дәріс оқыды.

Абай Құнанбайұлы 180 жыл

21.04.2025

Институт кітапханасында курсанттарға Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесінде қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, туған елінің мәңгі үлгі тұтар бірегей тұлғасына айналған Абайдың өмірі мен шығармашылығын паш ететін кітаптарды таныстыру арқылы білім алушылардың оған деген құрмет пен мақтаныш сезімдері артты.

07.04.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкері полиция подполковнигі А.А. Салимов Өскемен қаласының №13 және №16 орта мектептерінің оқушыларына институтқа жоғары білім алуға оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, үміткерлерге қойылатын талаптармен таныстырды.