- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
2019 жылғы 15 қазанда кафедра жоспарына сәйкес қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығымен полиция полковнигі Н.Т. Саханова Қазақстан Республикасының қылмыстық процесс пәні «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы» тақырыбы бойынша 2 Б курсы 201-оқу тобына ашық дәріс сабақ өткізді. Сабақ барысында тақырыпқа сәйкес екі теориялық сұрақтар қарастырылды: 1. Анықтаудың, алдын ала тергеу …
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында, “Криминалистика” пәні бойынша оқу процесінің практикалық – бағдарлануын күшейту мақсатында, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры С. М. Минайдаров 2019 жылғы 15 қазанда арнайы бастапқы оқыту курсының 2 және 3 …
ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының 2 “Б” курс курсанттары М. Бөкенбаева “Жұбановтар әлемі” мәдениет және өнер орталығына барып қайтты. Кездесу барысында курсанттар біздің еліміздің көрнекті ғылым және өнер қайраткерлерінің ағайынды Құдайберген мен Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайды тамашалады. Курсанттардың көптеген жаңа және қызықты ақпарат алып, рухани байығаны – …
«Бақыт деген — сенің бала күндерің» деп Мұқағали Мақатаев ақын айтқандай, жарық дүние есігін ашқан әр сәбидің балалық шағы қамсыз, мұңсыз, қызықпен өтетін бақытты кезең болуы тиіс. Әсіресе, тағдырдың жазуымен балалық шақта ана махаббатынан ерте айырылған бала қолдау мен түсінуді қажет етеді. Жетім балаларға көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі …
Жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін даярлау аясында, 2019 жылы 11 қазанда ІІО-ға кіші басшы құрам лауазымдарына алғаш рет түсетін тұлғаларға арналған кәсіби және қосымша білім беру факультетінің бастапқы дайындық курстарының “арнайы техника” пәні бойынша тақырыптық жоспарына сәйкес, полиция подполковнигі М.Ж. Найманбаев және ЖІҚ кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Е.Т. Алдияров “ІІО …
2019 жылы 11 қазанда “Керуен city” сауда-ойын-сауық орталығы “Жасыл қала” акциясына қатысты. Акцияның мақсаты қаламызды жасылдандыру, табиғатымызды қорғау болып табылады.Сауда-ойын-сауық орталығы өкілдерінің қолыменҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының жанында 500 ағаш отырғызылды. Отырғызу аяқталғаннан кейін “Керуен city” эстафетаны басқа сауда-ойын-сауық орталықтарына, сондай-ақ, Ақтөбе қаласының супермаркеттері мен мейрамханаларына жолдады. Қаламызды бірге көркетейік!
2019 жылғы 10 қазанда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ҚР ІІММ.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты “Жолда қабылдау” акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты студенттерді болашақта ішкі істер органдарына жұмысқа орналастыру мәселелерін қарастыру болды.150-ден астам студенттерге әкімшілік және патрульдік полиция қызметіне қабылдау туралы қосымша ақпараты бар кітапшалар таратылды. …
2019 жылғы 5-7 қазан аралығында Ақтау қаласының «Маңғыстау арена» стадионында қоян-қолтық күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа қатысушылар Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналды. Ақтөбе облысынан 14 адам қатысты, олардың арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 3-курс курсанты полиция кіші сержанты Агильманова Лилия Кайратқызы болды. Жарыстың басты мақсаты жақында …
2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісінде институт бастығы ф.ғ.к., полиция полковнигі Қабдуев Ақан Есетович «Жылдың үздік кафедрасы» сайысының қорытындысын жариялады. Жылдың үздік кафедрасы байқауы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Жылдың үздік кафедрасы» сайысы туралы 2019 жылғы …
|
|