- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся
2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының батальон штаб бастықтарымен және бастығының аға көмекшілерімен бірлесіп «Әскери қызметшілердің патрульдік посттық қызметті атқару барысында туындайтын штаттан тыс жағдайлар кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбында кездесу сабағын өткізді.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығы (Шымкент қаласы) ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Меморандум аясында тараптар бірлескен зерттеулер жүргізуге, тәжірибе алмасуға, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалануға және қызметкерлердің …
2025 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында институт бастығы орынбасарының қатысуымен инспектор-психологтар «Ішкі істер органдарының тұрақты және ауыспалы құрамының қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында жұмыс тобының отырысын өткізді. Отырыста өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді.
КОҚҰ кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Н. Сисенов, Ақтөбе облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ж. Шагиров және №4 жалпы білім беретін мектеп басшылығының қатысуымен оқушылар мен мұғалімдерге алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында интернет алаяқтығы, жеке деректерді иемдену, өзге адамның атына онлайн несие рәсімдеу …
Әскери ант – бұл курсанттардың Отанға, халыққа және конституциялық құрылысқа адал болуға берген анты. Ол жас сарбаздардың әскери қызметке кірісуін және олардың жауынгерлік борышты орындауға дайындығын білдіреді.Бүгін салтанатты іс-шара барысында курсанттар өздерінің басшыларының, ардагерлердің, ата-аналарының және құрметті қонақтардың алдында сапқа тұрып, Қазақстан Республикасына қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
2025 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында бірінші курс курсанттарының Ант қабылдау және қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімдері өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры К.А. Сұлтанбаев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.А. Елеуов, Ақтөбе облыстық …
2025 жылғы 15–20 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінен келген ювеналдық полиция қызметкерлері үшін «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.Оқыту барысында қатысушылар өз қызметіне тікелей байланысты заңнамалардағы соңғы өзгерістермен танысып, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелердің теориялық және практикалық шешу жолдарын меңгерді. Сондай-ақ, алынған білім мен дағдыларды …
Институтта қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевтың ата-анасы қатысты. Еліміздің бейбіт өмірі мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен айбынды тәртіп сақшысының ата-анасына құрмет көрсетіліп, Ішкі істер министрлігінің алғыс хаты және төс белгісімен мараппаталды. Батырдың әкесі Нұрділлә Танағұлов институт музейінің қорына …
Жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен1-2 курс курсанттарына, магистранттарға және біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауы түсіндірілді.Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық санасын арттыру, Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттарды түсіндіру және оларды кәсіби даярлықта тиімді пайдалану.
Патриоттық және кәсіби тәрбие беру, ардагерлердің үлгілері арқылы қызмет дәстүрлеріне құрмет көрсету мақсатында әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы 2-курс курсанттарына арналған Кафедра күнін өткізді.Іс-шараға ІІО ардагері, отставкадағы полковник К.Манапбаев және «Дәріс-2016» қоғамдық қорының директоры Г.Едигеева қатысты.
|
|