Білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі
бөлімше бастығы заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі
Төлепберген Орынбек Сапарбекұлы;
бөлімшенің аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі,
Галиуллина Айнур Сериковна;
бөлімшенің оқытушы-әдіскері полиция капитаны,
Құрманияз Тұрар Жақсыбайұлы.
Бөлімшенің функцияларына мыналар кіреді:
академиялық топтар мен ағындарды қалыптастыру;
курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркеу;
курсанттардың академиялық рейтингісін есептеу;
оқытудың академиялық кезеңі ішінде және оқудың барлық кезеңінде курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
курсанттардың транскриптерін толтыру;
курсанттардың үлгерімін ағымдағы бақылау, межелік бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес талдау және қорытындылау;
академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
мониторинг үшін бақылау құралдарының (тест тапсырмаларының деректер банкі) және технологиялардың (тестілеу, сауалнама жүргізу жүйелері) қорын құру және білім сапасын бағалау;
аралық бақылау жүргізу технологиясының сақталуын бақылау;
курсанттарды аралық және қорытынды аттестаттау кезінде бақылау, сынақтар және емтихандар ;
мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау;
білім беру қызметін дамыту және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
білім беру сапасының мониторингі мен бағалау құжаттамасын әзірлеу;