6.09.2017
2017 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жеке және ауыспалы құрамға Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Білім күнімен жеке құрамды институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Д.А.Дәулетияров келесідей құттықтау сөздерімен құттықтады: «Сіздер өздеріңізден батылдықты, қайраттылықты және үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандықты таңдадыңыздар. Полиция мамандығы – қазіргі заманғы қоғамдағы маңызды, жауапкершілігі мол және қауіпті мамандықтардың бірі. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін жеткілікті орындау үшін қажетті теориялық білімді және тәжірибелік дағдыны игеруде барлық қиыншылқтарды жеңе білетіндеріңізге, ал біздің білікті педагогтарымыз сіздерге қажетті көмегін және қолдауын көрсетіп отыратындығына сенімдімін».
Білім күнімен сондай-ақ институт бастығының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Ғ.Ж.Сүлейманова құттықтады: «Сіздерді білім күнімен шын жүректен құттықтаймын, үнемі жаңа жетістіктерге жетуге талпыныңыздар, алға қойған мақсаттарға жетіңіздер және барлық жаңа жаңалықтарға деген ынтаңыз жоғалмасын. Алған білімдеріңіз бен ғылымдарыңыз қажетті нәтижелер алуға көмегін тигізсін».
Сонымен қатар күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқарушы полиция майоры А.Байбулатова білім күніне арналған баяндамасын оқыды.
Іс-шараны институттың жеке және ауыспалы құрамы салтанатты шерумен жүріп аяқтады.
КОФ оқытушы-әдіскері
полиция капитаны
Ж.Ақсақова