Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты


Таңғы таралым

23.06.2025

Бүгін институт басшылығы жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ынталандыру мақсатында таңғы таралым өткізді. Институт бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі С. Айжанов жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, полиция қызметкерлері арасында өткізілген эстафетаның және масс-рестлинг сайысының жеңімпаздарын марапаттады.