25.05.2024
Бүгін оқу ордамызда Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы филиалының басшысы Асель Мустафина “Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа “нөлдік төзімділікті” қалыптастыру тақырыбында идеологиялық сағат өткізді.
Кездесу барысында облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың атқарылған жұмыстары айтылды. Сонымен қатар агенттік өкілі қоғамда орын алып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын, белсенді азаматтар мемлекеттің дамуындағы маңызды факторға айналып келе жатқандығын тілге тиек етіп, мобильдік топтың мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.