Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алғашқы кәсіби даярлық курсының1-5 взвод тыңдаушыларына арналған психологиялық тренинг

27.05.2026

Институттың 30 жылдық мерейтойы мен ведомстволық білім берудің сапасын арттыру жылы аясында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ЖҚЖБ психологтары алғашқы кәсіби даярлық курсының 1-5 взвод тыңдаушылары арасында стресс деңгейін төмендетуге, ұжымда сындарлы қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – тыңдаушылардың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру, күйзелістерге қарсы тұру және психологиялық жағдайын жақсарту, сондай-ақ эмоционалдық тепетеңдігін сақтауға көмектесу.

Тренинг барысында тыңдаушылар қызығушылық танытып, ұсынылған жаттығуларға белсенді қатысты, сондай-ақ түрлі жағдайларды ашық талқылауға дайын екендіктерін көрсетті.

Қатысушылар арасында өзара қолдау, сыйластық және достық қарым-қатынас байқалды. Өткізілген тренинг эмоционалдық шиеленісті төмендетуге, ұжым ішіндегі байланысты нығайтуға және взводтарда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.