21.01.2026
2026 жылғы 21 қаңтарда институт басшылығының алғашқы кәсіби даярлық курсынан өтуге келген тыңдаушылармен кездесуі өтті.
Жиын барысында тыңдаушыларға күн тәртібі, тәртіп пен заңдылықты сақтау талаптары, оқу процесінің ұйымдастырылу, нысанды киім кию тәртібі, әскери қызметкерге қойылатын моральдық-этикалық нормалар мен болашақ қызметтің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.












