Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

3.07.2024

3 шілде күні жауынгерлік самбодан 2 дүркін Азия және Океания чемпионы атанған ҚР Ішкі істер министрлігі М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция майоры Анар Серікқызы Сейтимованы Ә. Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда институт басшылығы мен әріптестері, бір топ туысқандары қошеметпен күтіп алды.

Оқу ордасының намысын абыроймен қорғаған жарыс жеңімпазы жеңісін әкесіне арнап, алтын медалін анасының мойнына тақты.

Институт басшылығы мен ұжымы Анар Серікқызына алда бағындырар үлкен жетістіктерге сәттілік тілейді!