Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

БАТЫРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРМЕТ

6.03.2024

⚜️Жалпы тарих үшін бұл аз ғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, бүгінде тарих беттерін парақтаған жеңіс сағатын соқтыруға өз үлесін қосқан, есімі Ұлы Отан соғысының шежіресіне мәңгілікке алтын әріппен жазылған жауынгер-Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Есбосынұлы Бөкенбаевтың 100–жылдығына орай, ағымдағы жылдың 05 наурыз күні Батырдың есімі берілген білім ордасының қызметкерлерімен батыр рухына құрмет көрсетіп, тағзым ету үшін оның туып өскен және соғысқа аттанған жері Жұрын ауылдық елді мекеніне жол тартып, батырға құрметпен орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Біздің Батыр рухына деген құрметіміз бұнымен шектелген жоқ, бүгін Ұлы тұлғаның туған күнін еске алу үшін институт алаңында орналасқан ескерткіш алдында институттың жеке құрамымен ауыспалы құрамның саптық тұрғызылуымен ұйымдастырылған шерумен батыр рухына бір минуттық үнсіздік жарияланып, гүл шоқтарын қоюмен жалғасын тауып, әрмен қарай жерленген зиратқа барып құран оқытылу тағзымымен аяқталды.

Біздің бейбіт өміріміз үшін қан майданда ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен батыр бабаларымызға мәңгілік тағзым! Қалай айтсақ та, жан алып, жан беріскен ұлы дүрбелеңде жаужүрек жауынгерлер жеңіске жетіп, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмірді аманат етті. Ерлік ісі мәңгілік. От пен оқтың ортасында жүріп, бүгінгі бейбіт өмірді сақтап қалған батыр бабаның рухы қашан да өшпек емес…