Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жақсылық, жасап жарысайық!

4.02.2024

Ақтөбе облысы аумағында ағымдағы жылдың ақпан айында ауа-райының күрт өзгеруінің салдарынан қар қалың жауып тіпті жолдар жабылды.
Осындай қиын шақта Актөбе заң институтының тыңдаушылары “№3 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” мекемесіне арнайы барып, ауласын түгел бораған қардан тазартып көмек көрсетіп, игі іс жасады. Қолғабыс еткен жас полицейлерге мекеме қызметкерлері алғыс білдірді.
Жақсылық, жасап жарысайық!