Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА

2.11.2023

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы лудоманияға қарсы іс-қимылды күшейту, оның ішінде ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды жүйелі жүргізуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2 қарашада Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің маманы Нұрбол Смағұлов институт қызметкерлерімен кездесіп, қазіргі қоғамдағы кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналған құмар ойындарға тәуелділік туралы әңгіме жүргізді. Кездесу барысында спикер жеке құрамға өзекті проблеманы дін саласымен ұштастыра отырып құмар ойындарға тәуелділіктің соңы қандай қадамдарға апаратындығы туралы баяндап берді. Өз сөзінде құмар ойындарға әлеуметтік санатта қандай адамдардың бейім болатынын, лудоманияның қалыптасу кезеңдерін, ең бастысы, мұндай тәуелділікке тап болған жағдайда әрекет ету жолдарына тоқталып, біздің дінімізде құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптасқандығын тілге тиек етті.
Спикердің баяндамасынан соң кадр саясаты бөлімінің инспектор-психологы І.Таңатарова қызметкерлердің назарына өз баяндамасын ұсынып, тәуелділіктің осы түріне қатысты бейнеролик көрсетті.