Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

1-курс курсанттарына арналған психологиялық тренинг

18.05.2026

Тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру мақсатында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ЖҚЖБ психологтары 1-курс курсанттары арасында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында курсанттар бір-бірін жақсырақ түсінуге және ұжымда тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін топтық жаттығулар мен талқылауларға тартылды.

Курсанттар бірден жұмысқа белсенді араласып, жаттығуларға ынтамен қатысып, өзара әрекеттесуге дайын екендіктерін көрсетті.

Оқу үлгеріміне алаңдаушылықтың болуы жауапкершіліктің және оқуға деген мотивацияның қалыптасқанын көрсетеді. Курсанттар арасында жақсы қарым-қатынас орнаған, ынтымақтастық пен өзара көмек көрсетуге ұмтылыс байқалады.

Өткізілген тренинг топтағы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етіп, ұжымдағы тиімді өзара әрекеттесуді одан әрі дамытуға негіз қалады.