9.04.2017
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында төртінші басымдық адами капитал сапасын жақсартуда. Бірінші ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Атап айтканда үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін делінген болатын. Сонымен қатар бүгінде ағылшын тілін әрі қарай дамуын қолға алған болатынбыз.
Қазақстан 2017 жылы 08 сәуірінде Қазақстан Республикасының ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Жалпы құқық пәндер кафедрасының» оқытушысы полиция майоры А.С.Абилова ҚР құқық қорғау органы пәнінен «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрылымы, қажетті орны және міндеттері» атты тақырыбына ашық семинар сабағы (қазақ, орыс, ағылшын) үш тілде өтілді. Сабақ тақырыбы үш тілде «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының құрылымы, қажетті орны және міндеттері» – «Структура назначения и задачи органов внутренних дел Республикии Казахстан» – «Тhe Structure of the internal affaires of the Republic of Kazakhstan the desired place and objectives» айтылды. Семинар сабағы қазақ тобында болғандықтан қазақ тілінде жүргізілді. Дегенмен сабақ өту барысында терминдік сөздер үш тілде қолданылды.