Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

8 наурыз халықаралық әйелдер күнін тойлауға арналған салтанатты шара

8.03.2017

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 2017 жылдың 7 наурызында институттың акт залында әйел қызметкерлерге арналған салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты шараны институт бастығы полиция полковнигі С.И.Қаракүшев және ІІО ардагері отставкадағы милиция полковнигі С.Р.Рзабеков құттықтау сөзімен ашты. Институт бастығы Ішкі істер министрлігінің атынан алғыс хаттар мен грамоталар, медальдар мен сыйлар салтанатты түрде табыстады.

Институттың ер адамдар ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырып, әйелдер қауымын құттықтады.

Барлық қойылған нөмірлер әйелдерге, махаббатқа және көктемге арналды! Сахнада өнер көрсеткен азаматтарға қол соғып, таң-тамаша қалысты.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған әртүрлі әндерді институт қызметкерлері тірі дауыста орындады. Қонақ ретінде шақырылған Сергей Бойко саксофон аспабымен композициялар орындады.

Мерекелік іс-шара жарқын және есте қаларлықтай болды. Іс-шара барысында әйелдердің жақын адамдар өмірінде ерекше орын алатындықтарын, оң сезімдер мен эмоциялар қалыптасып, қуанышты және көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  

ТЖБ инспекторы

полиция аға лейтенанты

Саркулов Д.М.