Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫНДА

20.05.2026

«Оқиға болған жерді қарап тексеру тактикасы» тақырыбындағы практикалық сабақ өтті

2026 жылдың 20 мамырында қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.А.Длимов, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры К.Н.Кулкешев, кәсіби даярлық факультетінің оқу сабақтарын өткізу жоспарына сәйкес «Қылмыстық процестік құқығы» пәні бойынша «Оқиға болған жерді қарау тактикасы» тақырыбындағы практикалық сабақ 204 – оқу тобы курсанттарына ұйымдастырылды.

Сабақ барысында тыңдаушыларға оқиға болған жерді қарауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша процессуалдық тәртіптің негізгі талаптарын түсіндірді, сондай-ақ жас қызметкерлер жиі жіберетін қателіктерді атап өтті.

Практика кезінде тергеушінің оқиға орнындағы іс-әрекеттер алгоритмі, мамандармен өзара іс-қимыл, жағдайды дұрыс бекіту, заттай айғақтарды анықтау, алу және буып-түю талаптары жан-жақты талқыланды. Тыңдаушыларға нақты тәжірибеден мысалдар келтіріліп, қарау барысы мен нәтижелерін құжаттау ерекшеліктері көрсетілді.