Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Құқық қорғау органдары базасында тәжірибелік сабақтар өтті

21.05.2026

2026 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Процестік даярлық» пәні бойынша алғашқы даярлық курс тыңдаушыларына оқу процесінің тәжірибелік бағыттылығын арттыру мақсатында Ақтөбе облысы ПД Кинологиялық орталығы базасында көшпелі сабақ ұйымдастырды.

Сабақ барысында Кинологиялық орталық қызметкерлері тыңдаушыларды кинологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырумен, учаскелік инспекторлармен, жедел-тергеу бөлімшелерімен және криминалистермен өзара іс-қимыл тәртібімен таныстырды.

Осыған байланысты одорологиялық сараптама жүргізу тәртібі, күдікті тұлғаларды ұстау, тұрғын үй мен автокөліктерді тексеру және тінту кезінде есірткі заттарын анықтау ерекшеліктері түсіндірілді.