9.04.2018
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында Ғылым күніне арналған «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция шеңберінде жоғарғы оқу орындарының курсанттары (студенттері), магистранттары және адъюнктары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс 2018 жылғы 7 сәуірде М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының спорт залында өткізілді.
Жарыстың ашылуына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі
С.И. Қаракүшев, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Д.А. Даулетияров, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Г.Ж. Сулейманова, әскери және дене шынықтыру кафедрасының бастығы полиция полковнигі М.Д. Нұршаев, шақырылған қонақтар, жанкүйерлер мен төрешілер қатысты.
Жарыстың бас төрешесі Б.Н. Жанашев (Волейбол бойынша І санатты төреші) ойын ережесін түсіндірді. Сонымен қатар, төрешілер корпусы ретінде институттың Ардагерлер кеңесінің мүшесі В.А. Сюняков, ҚБ ФСҚ «Динамо» Ақтөбе филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Т. Истляуп, самбо күресінен, дзюдо күресінен және әмбебап жекпе-жегінен әлем чемпионы Р.О. Байлиева шақырылды.
Жарысқа Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының, Қ.Жұбанов атындағы Атөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Я. Бегилдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының, сонымен бірге, Ресей ІІМ Краснодар университетінің командалары қатысты. Ойын кезінде әр команда ойыншылары жеңуге деген үлкен жігерлік танытты.
Ойын қорытындысы бойынша, жоғары ұпай санымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы алға шықты, 2-ші орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің командасы, 3-ші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының құрама командасы иеленді. Бұл ойында «Үздік шабуылшы» номинациясына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты командасының ойыншысы Утаргалиев Фархат ие болса, «Үздік ойыншы» номинациясына Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Я. Бегилдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институты командасының ойыншысы Махпиров Аршам, «Үздік байланыстырушы» номинациясына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті командасының ойыншысы Жұмағалиұлы Халықкерей ие болды.
Жарысты қорытындылау рәсімінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі Г.Ж. Сулейманова, институтың Ардагерлер кеңесінің мүшесі В.А. Сюняков, ҚБ ФСҚ «Динамо» Ақтөбе филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Т. Истляуп, самбо күресінен, дзюдо күресінен және әмбебап жекпе-жегінен әлем чемпионы Р.О. Байлиева жүлделі орындарға ие болған командаларды кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапаттады. Қалған командаларға жұбаныш сыйлықтары тапсырылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев
атындағы Ақтөбе заң институтының
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты Н.А. Таласбаев