Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қауіпсіз қоғам — ортақ жауапкершілік» тақырыбындағы кездесу

8.04.2026

Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасымен «Ішкі істер органдары қызметіндегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларының теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында ҚР ҰҚК Академиясының Терроризмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкері Б.Ш. Шомановтың және «Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Д.И.Тобажановтың қатысуымен тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Тыңдаушыларға азаматтардың ар-ождан бостандығына және олардың діни сенімдерін құрметтеу құқығына Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген қолсұғылмаушылықты ескере отырып, терроризм қатерлерінің алдын алу және халықты терроризмнен қорғау деңгейін көтеруге қажетті және жеткілікті жағдай жасауға, оны қалыпта ұстауға және дамытуға бағытталатын стратегиялар таныстырылды. Сабақ барысында тыңдаушылар болашақта қызмет өткеру барысында кездесетін мәселелер бойынша сұрақтарына маманнан тиімді жауаптарын алды.