22.12.2022
ҚР ІІМ 05.10.2004 жылғы №565 “қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды бастапқы даярлаудың эксперименттік курстарын ұйымдастыру туралы” бұйрығына сәйкес сырттай оқыту бөлімшесі орта басшы құрам лауазымдарына кандидаттарды бастапқы даярлау жөніндегі Оқу орталығы болып қайта құрылды.
2011 жылдың қыркүйек айында ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты базасында Қосымша кәсіби білім беру құрылымдық бөлімшесі ретінде біліктілікті арттыру факультеті құрылды.
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап біліктілікті арттыру факультеті кәсіби және қосымша білім беру факультеті болып өзгертілді.
2019 жылдың қараша айынан бастап кәсіби және қосымша білім беру факультеті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеті болып өзгертілді.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеті ішкі істер органдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету проблемасын шешуге үлкен үлес қосуда.
Факультеттің басты міндеті практиканың қажеттіліктеріне сәйкес оқу сабақтарының оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби білімдерін үздіксіз толықтыруды және жаңартуды,практикалық қызметті сәтті жүзеге асыру үшін оқу ақыларын алуды ұйымдастыру болып табылады.
Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің қызметтері: бастықтың м.а. полиция майоры Уаисов Берік Жұмасейітұлы, оқытушы-әдіскер полиция майоры Өмірзақова Айгүл Әлібекқызы, оқытушы-әдіскер, полиция капитаны Каратикенова Динара Кәкімқызы.
Тәжірибе мен оқу процесін біріктіру оқытудың дәстүрлі әдісі және оқу ақпаратын жинақтау болып табылады.Отандық және шетелдік жоғары білікті мамандардың қатысуымен жергілікті және республикалық деңгейде семинарлар, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер өткізу қисынды жұмыс болып табылады.
2011-2021 жылдар аралығында ІІО-ның 5000-нан астам қызметкері оқудан өтті. Қазіргі уақытта әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметінің, ЖБО және кезекші бөлімдердің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, “Охотзоопром”РМҚК инспекторлары біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтуде.
Оқу процесі 36, 72, 108 сағатқа есептелген қысқа мерзімді тақырыптық курстардан тұрады және институт басшылығы, кадр саясаты департаменті, Қазақстан Республикасы ІІМ бейінді комитеттері арнайы әзірлеген және бекіткен оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
2020 жылдан бастап Әкімшілік полиция қызметкерлері үшін қашықтықтан білім беру технологиялары арқылы оқыту жүргізілуде. Факультет базасында Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасымен, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бағдарламалар офисімен, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысымен және т. б. бірлесіп семинар-тренингтер өткізіледі