- Институт
- Оқу-әдістемелік
қызмет - Ғылым
- Кадр және тәрбие
жұмысы - Білім порталы
- Обучающиеся

ИНСТИТУТТЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Жоғары алқалы басқару органы болып табылады.
Ғылыми кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы ІІМ және институттың ұйымдастыру-өкімдік актілерін, сондай-ақ «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 157 бұйрығы негізінде әзірленген институт бастығының 2025 жылғы 23 сәуіріндегі «Институттың ғылыми кеңесі туралы» бекіткен ережесін негізге ала отырып жүзеге асырады.
Ғылыми кеңестің қызметі заңдылық, жариялылық, объективтілік, академиялық адалдық, ұжымдық талқылау қағидаттарына негізделеді.
Ғылыми кеңестің міндеттері олардың өкілеттіктері шеңберінде алқалы басқару нысандарына сәйкес айқындалады.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:
– академиялық, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және әкімшілік-шаруашылық қызметтің негізгі мәселелері бойынша шешімдерді қарау, талқылау және қабылдау;
– білім беру және ғылыми процестерге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;
– қоғам мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі тараптар алдында өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
– ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін Институттың құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
– өз бастамасы бойынша немесе Институттың құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы бойынша академиялық немесе ғылыми қызығушылық тудыратын мәселелерді қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау;
– Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын іске асыруды талдау, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.
Ғылыми кеңес өз жұмысын Ғылыми кеңеспен қабылданған, кеңес төрағасымен бекіткен оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.
Ғылыми кеңестің жүргізілуін Ғылыми Кеңестің ғылыми хатшысы жүзеге асырады. Оның қызметі «Институттың ғылыми кеңесі туралы» бекітілген ережесімен және лауазымдық нұсқаулықтармен бекітілген.
|
|