«Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу үшін тұтас тәсілді қолдану аспектісінде құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту: тәжірибе мен перспективалар» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел
1.11.2021
2021 жылы 29 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу (ПРЕНЭЦА)» GIZ жобасын іске асыру шеңберінде «Зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу үшін тұтас тәсілді қолдану аспектісінде құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту: тәжірибе мен перспективалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараны Қазақстан мен Өзбекстандағы GIZ өкілдігінің директоры Йорк Пуделка мырза және «Eurasian Management Solution GmbH» басқарушы серіктесі Томас Хельм ашты.Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына Өзбекстан мен Қазақстан құқық қорғау органдарының мамандары қатысты. Біздің институттан «Терроризм қазіргі қоғамдағы қауіпсіздікке нақты қауіп ретінде» тақырыбына қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі С.М.Минайдаров баяндама жасады.Дөңгелек үстел шеңберінде зорлық-зомбылық пен экстремизмнің алдын алудың жаңа тәсілдері мен құралдарының көмегімен терроризмге қарсы күрес практикасын жаңғырту, сондай-ақ зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу саласындағы түрлі кәсіби топтар өкілдерінің біліктілігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.