Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Зиялы зейнеткер

18.06.2025

Бүгін Институт курсанттарымен Ақтөбе заң институтына басшылық еткен, ІІО ардақты ардагері, құқық қорғау және білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет еткен зиялы зейнеткер полиция полковнигі Хайрулла Каримович Сулейменовпен кездесу өтті.
Іс-шара “Заң мен Тәртіп” аясында өтті.
Қадірлі қонақ басынан өткен ыстық та суық қызметінің қыр- сырымен бөлісіп, жылдар бойы жинаған мол тәжірибесімен тәлімгерлік танытты.
Курсанттар үлкен аға буынның ақылы мен танымын сусындап, жадына түйіндеп алды.
Болашақ жас мамандар идеологиясы кемел тұлғалардың ізін басудан бастау алады.