Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жолдауды түсіндіру – негізгі міндет

7.09.2024

2024 жылдың 7 қыркүйекте жалпы заң пәндері кафедрасының ұжымымен институттың қызметкерлеріне және 1-курс курсанттарына  2024 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы  бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барасында жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова  Жолдауға қатысты ақпарат баяндама жасап, өй бөлісіп, пікір  алмасты.                                    
Жиныға қатысушылар  Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауда жүктелген жауапкершілікті сезінетіндерін айтып, еліміздің түбегейлі жаңғыруына, жаңаша өркендеуіне жол ашатын Жолдауды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Сонымен қатар, институт қызметкерлеріне АЭС салудың маңыздылығы түсіндіріліп, 6 қазан күні елімізде өтетін референдумға белсене қатысуға шақырылды.