21.05.2019
20 мамыр 2019ж. «Ақтөбе-Қазақстан» каналында «Дамудың даңғыл жолы» атты телебағдарламаға Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы-құқықтық пәндер кафедрасы бастығының м.а. з.ғ.к., полиция подполковнигі Ибраева Айгүл Касымбековна және әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының профессоры PhD докторы, полиция майоры Утегенов Чингиз Куанышбекович тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы бойынша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасына» байланысты сұрақтарға жауап беріп, сұхбат берді. Сондай-ақ, сұхбат барысында: ішкі істер министрінің штаттық санын оңтайландыру, оның қажеттілігі, қазіргі кезеңде өзектілігін; ІІМ оқу орындарын 5 заманауи полиция академиясы етіп қайта құру арқылы оңтайландыру; халықпен жұмыс жасаудың қазіргі заманғы форматтары яғни, қазіргі заманғы полиция қызметкерінің жаңа форматтағы жұмысы туралы сұрақтар талқыланды. Сұхбатта сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ведомстволық оқу орындары жүйесінде жаңа форматты кадрлар дайындаудағы орны мен ролі, оқуға қабылдану тәртібі, оқу барысы, жаңа форматтағы білім алушылар арасында психологиялық климаттың қалыптасуы туралы және басқа да қызығушылық тудырған сұрақтар сөз етілді.









