25.11.2022
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасы Ғылыми зерттеу орталығымен бірлесе отырып Институттың негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес #41 орта мектебінің кадет сыныптарының оқушыларын қатыстыра отырып “Жол қауіпсіздігін сақтау” тақырыбында сабақтар ұйымдастырды. Оған қоса полиция қызметінің ерекшеліктері аталып қолданыстағы қаруларының сипаттары көрсетілді.










