11.02.2019
2019 жылдың 09 ақпанда Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамының Ауған Республикасынан шығарылуына 30 жыл толуына орай, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт залында Ақтөбе қаласының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы арасында волейбол жарысы олимпиадалық түрде өткізілді.
Аталған іс-шараға 5 команда қатысты. Олар Екі мәрте Кеңес одағының батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің құрама командалары.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрама командасының құрамында келесі қызметкерлер ойнады: институт бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ.М.Манапбаев, институт бастығының орынбасары, полиция подполковнигі С.М.Сейфуллин, 1 «Б» курсының бастығы, полиция майоры А.К.Егимбаев, 1 «Б» курсының бастығының орынбасары, полиция капитаны Н.Т. Нурманбетов, кадр жұмысы бөлімінің инспекторы, полиция майоры А.Е.Курманова, әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Б.Ж.Уайсов, жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімшесінің бас маманы полиция капитаны М.Б. Елеусизова, әскери және денешынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы, полиция аға лейтенанты А.Қ.Космуратов, әскери және денешынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны Д.А.Дуйсембаева, әскери және денешынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Н.А.Таласбаев.
Жарыста ұпай санымен 1-орынды Екі мәрте Кеңес одағының батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының командасы, 2-орынды Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы, 3-орынды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің командасы иеленді.
Жарыстың соңында Екі мәрте Кеңес одағының батыры Т.Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының идеологиялық және әскери патриоттық жұмысы бөлімінің бастығы, подполковник Н.А. Сақтағанов жеңіске жеткен командаларды мақтау қағазымен және кубокпен марапаттады.
Институттың ӘжДШД кафедрасының
аға оқытушысы
полиция аға лейтенанты
А.Қ. Қосмұратов