Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЖІҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Бастауыш жедел уәкіл» ғылыми үйірме мүшелерімен семинар-тренингті өткізу туралы

10.07.2019

2019 жылдың 9 шілдесінде “”Арнайы техника”пәнін оқытуды жетілдіру” атты ғылыми зерттеу аясында ЖІҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 1А және 1Б курс курсанттарының арасынан «Бастауыш жедел уәкіл» ғылыми үйірмесінің мүшелерімен семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтің негізгі міндеттері курсанттарды арнайы техникалық құралдарды тиімді пайдалану мәселелерін шешу кезінде бастамашыл болуға тәрбиелеу, қазіргі заманғы арнайы техникалық құралдарды өз бетімен меңгеруге үйрету, сондай-ақ курсанттардың жедел-іздестіру қызметінде арнайы техникалық құралдарды қолданудың теориясы мен практикасы саласында білім алуы болды.

Қойылған міндеттерді Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінің білім беру мекемелерінде “Арнайы техника” пәнін оқытуды жетілдірудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін қолданбай жүзеге асыру мүмкін емес, онда қоғамдық қатынастарды демократияландырудың қазіргі жағдайларында міндеттерді тиімді шешу қажет.

Аталған семинар-тренинг өз мақсатына жетті, курсанттар жедел-іздестіру қызметінде қосымша білім мен дағдыларды алды.

Семинар-тренингтің соңында ЖІҚ кафедрасының бастығы, полиция майоры К.Е.Каратаев семинар-тренингке қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, институттың қоғамдық өмірі мен оқуда табыс тіледі.

ЖІҚ кафедрасының доценті

заң ғылымдарының магистрі,

полиция подполковнигі

М.Ж. Найманбаев