Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЖІҚ кафедрасы апталығының аясындағы «Жас жедел уәкіл» ғылыми үйірменің жұмысы туралы

10.11.2017

  Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы апталығын өткізу туралы бекітілген жоспарға сәйкес 2017 жылғы 06 қараша күні «Жас жедел уәкілі» ғылыми үйірменің жұмысы шеңберінде ғылыми үйірменің мүшелері 2 курс курсанттарының алдында кіріспе сөз сөйлеу үшін тәжірибелік қызметкер, Ақтөбе қаласы ІІБ КПБ аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты К. Абу шақырылды.

Ғылыми үйірмені өткізу барысында жедел қызметтің тәжірибесінен мысалдар келтіріліп қолданылды. Полиция аға лейтенанты К.Абу сыбайлас жемқорлыққа, қорлауға, қызметтік лауазымын асыра пайдалануға қарсы күрестің, сонымен қатар, әртүрлі қылмыстық құқық бұзушылықтарға төзбеушіліктің негізгі аспектілерін атап көрсетті.

Берілген ғылыми үйірме өзінің қойған мақсатына жетті, курсанттар жедел-іздестіру қызметінде белгілі бір білім мен дағдыларға ие болды.

 

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

Е. М. Жумагазин