11.11.2022
2022 жылғы 11 қарашада ІІО Әкімшілік қызметі кафедрасының доценті және оқытушысы полиция майоры В.Хасанова мен полиция майоры Қ. Ерланұлы құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін 2021-2023 жылдарға арналған озық тәжірибелер мен жұмыс әдістеріне оқыту жөніндегі арнайы жоспарды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы ұйымдастырған “Жергілікті қоғамдастықтармен әлеуметтік-құқықтық жұмыс әдістері” тақырыбында дәріс сабағына қатысты. Іс-шара барысында “қолжетімді полиция” қағидатын іске асыру, полиция ұйымдарының БАҚ-пен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастықтың жекелеген санаттарымен жұмыс істеу, дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою мәселелері, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізу тәсілдері, тәртібі мен ерекшеліктері түсіндірілді.











