17.10.2023
2023 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі А.С.Маханова және полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің студенттеріне «ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі рөлі», «Конституциялық реформада көзделген институционалдық өзгерістердің маңыздылығы» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәрістің мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды терең, толық түсінуін қалыптастыру үшін оларға саясатта дұрыс бағытты ұстануды және мемлекеттік – құқықтық салада, мемлекеттік мәселелерде және конституциялық-құқықтық саясатпен тәжірибиеде дұрыс шешімдер қабылдауды үйрету.
Өзекті тақырыпқа арналған кездесу өткізудің барысында студенттер мен лекторлар арасында бірден сенімді диалог қалыптасты, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құқық» факультетінің білім алушылары өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, жауап ала білді.




