Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу

8.09.2025

Бүгін институттың басшылығы, жеке және ауыспалы құрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – елдің болашағына деген сенімнің көрсеткіші. Бұл бастамалар біздің мемлекетіміздің болашағын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Жолдауда тоқталып өткен негізгі басым бағыттар елдің әл-ауқатын арттыруға және тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.