Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Жас сақшы» кадет сыныбында жалпы заң пәндері кафедрасының өткізген оқу сабақтары туралы

5.02.2020

Қазақстан Республикасы ІІМ  М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия арасындағы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес,  сондай-ақ институттың ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар жоспары аясында жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының   «Жас сақшы» кадет  сыныбында 05.02.2020 жылы оқу сабағы өткізілді. 

Сабақ барысында кафедраның аға оқытушысы М.Д.Тулешев оқушыларға Қазақстандағы ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуы туралы өткен ұрпақтың тәжірибесінен мысалдар келтірді, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы айтты.

Жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамымен «Жас сақшы»кадет сыныбының оқушыларына оқытылған оқу сабақтағы  Мемлекет басшысы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын өскелең ұрпақты патриоттық  рухта  тәрбиелеуге ықпал етті.

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры                                                                             

М.Д.Тулешев