Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жас Ұландардын Ант қабылдау рәсімі

27.10.2022

ЖАС ҰЛАНДАРДЫҢ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ Биыл Президент Жарлығымен бекітілген «Балалар жылы» аясында кадет сыныбына қабылданушылардың саны 18ге артты. Бұл жобаның өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, Отанын сүюге, заңды сақтау,  болашақ құқық қорғау қызметкері болуға үлкен көмегі бар. Арнайы сыныпқа іріктеліп алынғандар полицияның жас көмекшілері деген мәртебелі атқа иелік етеді.  ​Аталмыш шарада кадеттер сап түзеп, елімізді, Отанымызды сүйетін, қазақ елінің айбынды азаматы, нағыз патриоты болуға Ант етті.​ ​Институт бастығы полиция полковнигі А.Байсұлтанов жас сақшыларға анттарына адал болып, халық  үшін адал қызмет атқаратын білімді де саналы, ел сенімін ақтайтын  ұрпақ болуларына тілектестік білдірді.  Салтанатты іс-шарада институттың тыныс тіршілігімен танысуға келген «Жас сақшы» қоғамдық еріктілер тобының мүшесі Ә.Базарбай сөз алып топта ерікті студенттер мен болашағын ішкі істер саласында қызмет атқаруға үміткер жастар көмекші ретінде полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқаратындығы туралы баяндады. Өз ізбасарларына қабылдаған Анттарына адал болуға сенім білдірді.  Кадеттер мен қонақтар институттың мұражайын, спорт залын, саптық алаңын, криминалистикалық полигонын, казармасын көріп, тыңдаушылардың тыныс-тіршілігімен танысты.  Институтқа есімі берілген Кеңес Одағының батыры М.Бөкенбаевқа арналған мұражаймен танысу барысында өткен тарихқа куә экспонаттарды тамашалап, өздеріне үлгі боларлық рухани әсер алды.  Экскурсиядан кейін, кадеттер, “Жас сақшы” ұйымының ерікті жастары және алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында белсенділік танытқан қатысушылар институт бастығының Алғыс хатымен марапатталды.